My CMS

Олимпиада жеңісі – мақтанышымыз!

  

«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында ұйымдастырылған физика пәні бойынша облыстық олимпиада өз мәресіне жетті.
Аталған білім сайысында жоғары нәтиже көрсетіп, ерекше белсенділік танытқаны үшін «Д.Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК-ның студенті Исмаилжанов Азиз Түркістан облысының білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы А. Қасымбекова тарапынан І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Бұл жетістік — колледжіміздегі сапалы білім беру үдерісінің, ұстаздар еңбегінің және студенттің табандылығы мен ынта-жігерінің жарқын нәтижесі.
Жеңімпазымызды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы білім жолында толағай табыстар мен биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!
Білім мен білік — жеңістің кілті!

Прокрутить вверх