My CMS

Кәсіби бағдар беру жұмыстары


«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында кәсіби білім беру жүйесін жетілдіру және еңбек нарығына қажетті мамандарды даярлау мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Осы бағытта жастарға дұрыс кәсіби бағдар беру және олардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесу – маңызды міндеттердің бірі.
Осы мақсатта Д. Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледжінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р. Абдусаметов бастаған арнайы топ Көлкент ауылындағы №41 Жамбыл атындағы жалпы орта мектебі мен №17 жалпы орта мектебінде кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында 9-11 сынып оқушыларына колледжде оқытылатын мамандықтар туралы толық ақпарат беріліп, оқу ғимараттары, материалдық-техникалық базасы және білім алушыларға жасалған жағдайлар таныстырылды. Сонымен қатар, оқуға түсу тәртібі, талаптары мен мүмкіндіктері жайлы мәліметтер ұсынылды.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандықтар туралы кеңірек ақпарат алды. Кәсіби бағдар беру жұмыстары олардың болашақ мамандығын дұрыс таңдауда бағыт-бағдар алуына көмектесті. Мұндай кездесулер алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Прокрутить вверх