My CMS

ЖЕТІСТІК ЖОЛЫНДАҒЫ ЖАРҚЫН ЖЕҢІС

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жалпы білім беру пәндері педагогтері арасында өткізілген физика пәні бойынша пәндік олимпиадада «Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжі» МКҚК-ның физика пәні оқытушысы Ибрагимова Шахло Шухратовна жоғары кәсіби біліктілігін дәлелдеп, жүлделі ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Аталған марапат Түркістан облысының білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» КММ директорының міндетін атқарушы Р.Тоишыбеков тарапынан салтанатты түрде табысталды.
Ибрагимова Шахло Шухратовнаның білім беру ісіне сіңірген еңбегі, пәнге деген сүйіспеншілігі мен оқытушылық шеберлігі бұл жеңіске жол ашты. Бұл тек жеке жетістік емес, сонымен қатар колледжіміздің сапалы білім берудегі жүйелі жұмысының нәтижесі екені сөзсіз.
Колледжіміз ұжымы атынан ұстазымызды шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, сарқылмас шабыт, мықты денсаулық және алдағы кәсіби қызметінде толағай табыстар тілейміз. Еңбегіңіз жана берсін, биіктерден көріне беріңіз!

Прокрутить вверх