«Жетім және жартылай жетім студенттерге әлеуметтік көмек көрсету»
Д.Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледжі жанынан құрылған Қамқоршылық кеңесінің студенттер арасында әлеуметтік қолдау көрсету жүйесін жетілдіру, жетім және жартылай жетім студенттердің оқу, тұрмыс жағдайларын жақсарту және олардың қоғамдағы тең мүмкіндіктерге қол жеткізуіне ықпал ету.
Жиналыстың міндеттері:
Колледждегі жетім және жартылай жетім студенттердің әлеуметтік жағдайын анықтау;
Көмек көрсету түрлерін (материалдық, моральдық, оқу процесін қолдау) нақтылау;
Қамқоршылық кеңесінің мүмкіндіктерін талқылап, көмек көрсету жоспарын құру;
Мемлекеттік және жергілікті мекемелер, демеушілер, волонтерлармен әріптестік байланыс орнату жолдарын қарастыру;
Студенттердің моральдық-психологиялық қолдауын қамтамасыз ету шараларын бекіту.
Күн тәртібі:
1. Жетім және жартылай жетім студенттердің саны мен жағдайын анықтау туралы баяндама.
2. Әлеуметтік көмек көрсету түрлерін талқылау:
Оқу құралдарымен, киім-кешекпен қамтамасыз ету.
Психологиялық көмек көрсету.
3. Демеушілер мен әлеуметтік серіктестерді тарту мәселелері.
4. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің ұсыныстары мен пікірлері.
5. Көмек көрсету жоспарын бекіту.
Қорытынды:
Жиналыстың нәтижесінде нақты көмек көрсету шаралары бекітіліп, студенттердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар жоспарланды. Қатысушыларға міндеттер бөлініп, келесі наурыз айына белгіленді.