Мен, Д. Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледжі МКҚК-нің
Физика пәні оқытушысы Ибрагимова Шахло Шухратовна,
осы эссемде қазіргі таңда маңызы артып келе жатқан жаңартылған энергия көздері туралы өз ойымды білдіргім келеді.
Бүгінгі күні бүкіл әлем табиғатты қорғау, климаттың өзгеруін тоқтату және табиғи ресурстарды үнемдеу мәселелерімен бетпе-бет келіп отыр. Осындай күрделі жағдайдан шығудың бір жолы – жаңартылған энергия көздерін пайдалану. Бұл – сарқылмайтын, табиғатта өздігінен қайта қалпына келетін және қоршаған ортаға зиян келтірмейтін энергия түрлері.
Жаңартылған энергия көздеріне күн, жел, су, геотермалдық (жер асты жылуы) және биомасса (органикалық қалдықтардан алынатын энергия) жатады.
Күн энергиясы – күн сәулесінен алынатын қуат. Арнайы күн батареялары күннің жарығын жинап, оны электр энергиясына айналдырады. Бұл – экологиялық таза әрі үнемді әдіс. Күн энергиясы фотоэлектрлік эффект деп аталатын физикалық құбылысқа негізделген.
Жел энергиясы – желдің күшімен жұмыс істейтін турбиналар арқылы алынады. Турбиналар желмен айналып, электр қуатын өндіреді. Бұл да табиғатты ластамайтын таза энергия көзі.
Су энергиясы – өзен мен су қоймаларындағы судың ағысын пайдалану арқылы алынатын қуат. Гидроэлектр станцияларында су ағыны турбиналарды айналдырып, электр энергиясын өндіреді.
Геотермалдық энергия – Жердің терең қабаттарындағы жылуды қолдану арқылы алынады. Бұл энергия әсіресе ыстық су көздері бар аймақтарда тиімді.
Биомасса энергиясы – өсімдіктер мен органикалық қалдықтарды өңдеу арқылы алынатын қуат. Бұл әдіс арқылы жылу мен электр энергиясын алуға болады. Сонымен қатар, бұл – қалдықтарды қайта пайдалану жолы.
Барлық осы энергия көздерін қолдану физика заңдылықтарына сүйенеді. Физика бізге энергияның қайдан, қалай пайда болатынын және оны тиімді пайдалану жолдарын түсіндіреді. Сондықтан, мен физика пәнінің мұғалімі ретінде, болашақ мамандардың осы салада терең білім алуын маңызды деп есептеймін.
Қорыта айтқанда, жаңартылған энергия – болашақтың сенімді, қауіпсіз әрі экологиялық таза қуат көзі. Біз осыны жастарға дұрыс жеткізіп, оларды табиғатты аялауға үйретуіміз қажет.