My CMS

ЕЛЕУЛІ ЕҢБЕК ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАДЫ

 

«Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжі» МКҚК-ның арнайы пән оқытушысы Юлдашов Шавкатбек Абдираимович білім беру саласында ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп, шәкірт тәрбиелеу жолында зор жауапкершілік пен кәсіби шеберлік танытып келеді.
Оқытушылық қызметінде үздік нәтижелерге қол жеткізіп, талай жас мамандардың жолын ашқан ұстазымыздың еңбегі еленіп, «Елеулі еңбегі үшін» «Ыбырай Алтынсарин» медалімен марапатталды.
Бұл марапат — тек ұстаздың ғана емес, бүкіл ұжымның абыройы.
Шавкатбек Абдираимовичке шығармашылық табыс, қажымас қайрат, биік белестер мен жаңа жетістіктер тілейміз!

Прокрутить вверх