Мен, Абдирахманов Алишер Каххарович, Д. Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледжінің «Дәнекерлеу ісі» мамандығының арнайы пән оқытушысымын. Өз мамандығым бойынша студенттерге сапалы білім берумен қатар, олардың өндірістік қауіпсіздік техникасын жетік меңгеруі мен үшін аса маңызды. Себебі дәнекерлеу – адам өміріне қауіпті өндірістік үдерістердің бірі болып табылады.
Дәнекерлеу сабағында қауіпсіздік ережелерін оқыту – бұл жай ғана формалдылық емес, бұл – болашақ маманның денсаулығы мен өміріне жауапкершілікпен қараудың бірден-бір жолы. Студенттеріміз жоғары температурамен, электр тогымен және күйдіргіш заттармен жұмыс істейтін болғандықтан, әрбір қате әрекет қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Осы себепті қауіпсіздік ережелерін терең, тиянақты және жүйелі түрде үйрету – менің басты міндетімнің бірі.
Сабақ барысында қауіпсіздік шаралары тек теория жүзінде ғана емес, тәжірибелік жұмыстар кезінде де қатаң сақталуы қажет. Бұл үшін мен түрлі оқыту әдістерін – түсіндірмелі, көрнекілік, интерактивті және практикалық тәсілдерді қолданамын. Қауіпсіздік ережелері студенттің санасында тұрақты қалыптасуы үшін, үнемі қайталау, нақты мысал келтіру, бейнематериалдар көрсету – өте тиімді жолдар.
Бүгінгі студент – ертеңгі маман. Егер ол қауіпсіздік талаптарын жастайынан дұрыс меңгерсе, кәсіби ортада өз жұмысын сауатты әрі сенімді түрде атқара алады. Бұл тек оның жеке қауіпсіздігі ғана емес, сонымен қатар жұмыс орны мен қоғам алдындағы жауапкершілігі де.
Қорытындылай келе, дәнекерлеу ісі сабағында қауіпсіздік ережелерін оқытудың маңызы – өмірлік маңызы бар мәселе. Бұл – оқытушы мен студенттің бірлесіп атқаратын ортақ ісі. Сондықтан әрбір сабақта қауіпсіздік – бірінші орында тұруы тиіс.