Түркістан облысының білім басқармасы тарапынан жарияланған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жоспарланған іс-шаралар шеңберінде «Ер дәулеті – еңбек», «Еңбекпен ел көгерген» тақырыптарын негізге ала отырып, «Болашақ мамандарға бағдар: кәсіпорынға танымдық экскурсия» атты іс-шара ұйымдастырылды.
Аталмыш экскурсияға колледждің белсенді студенттері қатысты. Олар өңірдегі ірі өндірістік нысандардың бірі — «Kuzov Karabulak» ЖШС, «Хантекс» ЖК, және «АХБК» кәсіпорындарына барып, нақты өндірістік ортада жұмыс барысымен танысты. Экскурсия барысында студенттер өндірістік процестерді өз көздерімен көріп, заманауи құрал-жабдықтармен, жұмыс әдістерімен және еңбек қауіпсіздігі ережелерімен танысты.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің таңдаған мамандықтарына деген қызығушылығын арттыру, олардың кәсіби бағдарын нақтылау, еңбек нарығындағы сұранысқа ие кәсіп түрлерімен таныстыру, әрі білім мен тәжірибенің байланысын нығайту.
Танымдық экскурсия барысында кәсіпорын мамандары студенттерге еңбек жолдары, кәсіби өсу мүмкіндіктері, табысты маман болудың қыр-сыры туралы айтып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Бұл шара студенттер үшін үлкен мотивация беріп, болашақ мамандықтарына сеніммен қарауға ықпал етті.