«Д.Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында
07161300 – Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану мамандығы бойынша
«Автомобиль электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электрик» біліктілігіне ие АЭЛ 9-221 тобының студенттері қорытынды демонстрациялық емтихан тапсырды.
Емтихан CIS (құзыреттілікке негізделген бағалау) жүйесі бойынша өткізілді және студенттердің өндірістік ортаға бейімділігі мен кәсіби шеберлігін бағалауға бағытталды.
Демонстрациялық емтихан 3 модуль бойынша ұйымдастырылды:
- ELECTUDE – Автомобиль электр жабдықтарына арналған интерактивті оқу платформасы арқылы теориялық және симуляциялық тапсырмаларды орындау;
- Стартерлер мен генераторлардың жұмысын бақылауға арналған стенд (BANCHETTO) – нақты құрал-жабдықпен жұмыс істеу арқылы жүйелердің жұмысын талдау және ақауларды анықтау;
- FSA 740 автомобиль жүйелерінің диагностикалық кешені мен FCAR сканері – электронды басқару жүйелерін диагностикалау және заманауи диагностикалық құралдарды қолдану.
Студенттер әр модуль бойынша нақты өндірістік жағдайға жақын тапсырмаларды орындап, өздерінің теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыра білді. Олар қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, кәсіби құрал-жабдықтармен еркін жұмыс істей алатындарын көрсетті.
Емтихан барысында студенттерге автомобильдің электр жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, диагностика жасау, ақауларды анықтап жөндеу және қайта баптау сияқты тапсырмалар ұсынылды. Олар өз білімдері мен дағдыларын тәжірибе жүзінде көрсетіп, арнайы құрал-саймандарды дұрыс пайдаланып, еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтай отырып жұмыс жүргізді.
Бағалау процесіне арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты. Олар студенттердің кәсіби шеберлігіне, тапсырманы орындау жылдамдығы мен сапасына, техникалық құжаттамамен жұмыс істеу машығына, сондай-ақ жалпы жұмыс мәдениетіне баға берді.
Нәтижесінде, АЭЛ 9-221 тобының студенттері демонстрациялық емтиханнан жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Бұл – олардың алған білімдерінің сапасын және болашақта кәсіби салада жұмыс істеуге толық дайын екендіктерін көрсетеді.
Бағалау комиссиясы студенттердің дайындығы жоғары деңгейде екенін атап өтті. Бұл емтихан – олардың болашақта еңбек нарығында табысты маман болуға қабілетті екенін дәлелдеді.