My CMS

«Аспаз» мамандығы бойынша демонстрациялық емтихан

Д. Қонаев атындағы агротехникалық колледжінің 3W10130302 – «Аспаз» біліктілігі бойынша білім алушы студенттері 2025 жылдың 25-26 маусым күндері диплом алдындағы демонстрациялық емтихан тапсырды.

Емтихан WorldSkills стандарттары негізінде 4 модуль бойынша
1. Пиязды крем сорпасы
2. Сиыр етінен негізгі ыстық тағам.
3. Тауық етінен негізгі ыстық тағам.
4. 4 түрлі десерт.
өткізілді және студенттердің кәсіби құзыреттілігі мен өндірістік шеберлігін бағалауға бағытталды.
Емтихан нәтижелері бойынша студенттердің тағам әзірлеу, ас мәзірін жоспарлау және санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау қабілеттері тексерілді.

Бұл емтихан студенттердің болашақ аспаз мамандығы бойынша еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін маңызды кезең болып табылады.

Оқытушы: Умартаев Максуджон

Өндірістік оқыту шебері: Абдуллаева Розаой

Прокрутить вверх