Нартаев Бахтияр — «Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледж»МКҚК «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» бөлім меңгерушісі, педагог-модератор.
Бүгін апталықтық жоспарына сәйкес кезекті «Ауылшаруашылығын механикаландыру» бірлестігінің оқу шеберлігі күні болуда. Жалпы 13 оқу-шеберлері мен арнайы пән оқытушылары өз мамандығы бойынша шеберлік презентацияларын таныстырды.
Бірлестікке қарасты «Ауылшаруашылығын механикаландыру», «Жол құрылысы» мамандығын игеруші студенттерге білі берудегі жаңартылған оқу бағдарламалары мен оқытудың инновациялық әдістерін практикалық тұрғыда таныстыру кезеңімен ұштастырды.
МАҚСАТЫ: Бiтiрушiнiң бiлiктiлiк сипаттамасын ашу. «Ауылшаруашылығын механикаландыру», «Жол құрылысы» мамандығын бойыншы колледжді студенттерін кәсiптiк шебер ретінде даярлау болып табылатындығы негізгі мақсат етіп алынуда.
Колледж оқытушылары мен оқу-шеберлерінің негізгі қызметі: сапалы білім беру – жұмысшы мамандарды кәсіптік даярлаудың білім беру бағдарламасына сәйкес интегралдық оқу-өндірістік процесті іске асыру. Болашақ жұмысшы мамандардың жеке және кәсіби қасиеттерін қалыптастыру, кәсіптік оқыту процесінде қолайлы білім беру ортасын құру, оқушылардың кәсіби бағдарын, олармен жұмыс істеуде тұлғаға бағдарланған тәсілді жүзеге асыру болып табылады.
БАРЫСЫ: Шеберлік сабақтың оқу-әдістемелік базасы – колледжде білім алушылардың кәсіптік даярлығы мен өндісітік іс-тәжірбиесі кешенді оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді жобалау және дамытуға, озық өндірістік тәжірибені және инновациялық білім беру технологияларын зерделеуге, оларды оқу-өндірістік қызметте пайдалануға негізделген.
Нарықтық экономиканың дағдылары мен құзыреттілігін меңгерген жұмысшы маман тұлғасының кәсіби маңызды қасиеттерін қалыптастыру және мансаптық басшылық жұмыстарын жүргізу, кәсіптік педагогика мен психология жетістіктерін білім алушылардың кәсіптік даярлығы мен тәрбиесінің процесін жетілдіруде пайдалану, сондай-ақ, нормативтік, анықтамалық, ғылыми-техникалық, педагогикалық және оқу әдебиетін пайдалануға баулау үрдістері таныстырылды.
ҚОРЫТЫНДЫ: Колледж бітірушілеріне міндетті түрде кәсіптік оқыту шебері біліктілігін беру үшін, білім алушылардың кәсіптік дағдылары мен қабілеттерін қалыптастыруға және дамыту;
— кәсіптік оқыту сабақтарын, оқу-тәрбие жұмысын, қарапайым техникалық және дидактикалық оқу құралдарын жобалау;
— білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып және қазіргі заманғы технологиялар негізінде оқу процесін ұйымдастыру және іске асыру кәсіптік оқыту және тәрбие беру;
— теория мен практика арасындағы байланыстарды қамтамасыз ету.