«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 513 бұйрығына сәйкес
Түркістан облысы білім басқармасының «Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжі» МКҚК -да төменде көрсетілген бос лауазымдарға конкурс жарияланады:
(03.02.2025 ж бос орынға)
№ | Лауазым атауы | Лауазымдық жалақы мөлшері (еңбек өтіліне қарай ) |
1 | Қосымша білім беру педагогы -1 бірлік (уақытша бос орын) | 171370-203914 т.т. |
2 | Кітапханашы- 1 бірлік(уақытша бос орын) | 166396-184403 т.т. |
- Қосымша білім беру педагогының» лауазымдық міндеттері:
Лауазымдық міндеттері:
қосымша білім беру саласында білім алушылардың әр түрлі шығармашылық қызметін ұйымдастырады; үйірмелердегі, секциялардағы, студиялардағы, клубтық және басқа да балалар бірлестіктеріндегі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің құрамын жинақтайды, оларды оқу мерзімі ішінде сақтау жөнінде шаралар қабылдайды;
қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады, сабақ жоспарлары мен іс-шаралар бағдарламаларын жасайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
белгіленген құжаттаманы жүргізеді;
психофизиологиялық мақсатқа негізделген жұмыс формаларын, құралдары мен әдістерін педагогикалық негізделген таңдауды қамтамасыз етеді;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттерін анықтайды, жеке тұлғаның дамуына, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің дербес қызметін, оның ішінде зерттеу қызметін ұйымдастырады, білім беру процесіне инновациялық технологияларды қосады, оқытудың практикамен байланысын жүзеге асырады;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жетістіктерін қамтамасыз етеді және талдайды;
білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижесін бағалайды;
дарынды және талантты білім алушыларды, тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды қолдайды;
әр түрлі деңгейдегі және бағыттағы іс-шараларға балалардың қатысуын ұйымдастырады;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің каникулдық демалысын ұйымдастыруға қатысады;
сабақтар өткізу кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалардың сақталуын қамтамасыз етеді, балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жауапты болады;
ата-аналарға және оларды ауыстыратын тұлғаларға, сондай-ақ педагогтерге консультациялық көмек көрсетеді;
әдістемелік кеңестердің, бірлестіктердің қызметіне, педагогикалық шеберлікті арттыруға бағытталған іс-шараларға қатысады;
жүйелі түрде кәсіби біліктілігін арттырады.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы«, «Педагог мәртебесі туралы«, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдары және білім беру қызметін, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың басым бағыттарын реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология негіздерін, еңбек заңнамасы;
педагогикалық этиканың нормалары;
тәрбие жұмысының әдістемесін, өнімді, сараланған, дамытушылық оқытудың заманауи педагогикалық технологиялары, құзыреттілік тәсілді іске асыру;
білім алушылармен, әртүрлі жастағы тәрбиеленушілермен, олардың ата-аналарымен (оларды алмастыратын адамдармен), педагогтармен байланыс орнату, жанжалды жағдайлардың себептерін диагностикалау, олардың алдын алу және шешу әдістері;
білім беру ұйымдарының ішкі еңбек тәртібінің қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидалары.
2.Кітапханашы
Лауазымдық міндеттері: Кітапхана қорын жинақтауға, өңдеуге каталогтарды және басқа да кітапханалық-анықтамалық аппараттардың элементтерін ұйымдастыру мен қолдануға сәйкес кітапхана үрдісін қамтамасыз ету жұмыстарын атқарады. Автоматтандырылған деректер базасын жүргізу мен пайдалануды, қорлардың есебін, ұйымдастыру мен сақталуын оқырмандар мен абоненттерге қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
Кітапхананың ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстарына, кітапхананың даму бағдарламасын, халыққа кітапханалық қызмет көрсету жоспарын әзірлеу мен іске асыруға қатысады. Ғылыми әдістерді және кітапханалық қызметтің озық тәжірибесін қолданады.
Кітапхананың материалдық, қаржылық ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді. Перспективалық және ағымдағы жоспарды қалыптастырады. Басқа кітапханалармен, ғылыми-техникалық ақпараттық органдармен, қоғамдық ұйымдармен байланыс орнатады және қолдап отырады. Есепке алуды және белгіленген есеп беруді ұйымдастырады. Кітапхананың ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстарына, кітапхананың даму бағдарламасын, халыққа кітапханалық қызмет көрсету жоспарын әзірлеуге және іске асыруға қатысады. Кітапхана қызметінде ғылыми әдістер мен озық тәжірибені қолданады.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және білім беру ұйымдарының қызметі мәселелері жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілерді; жоғары тұрған органдардың кітапхана жұмысы туралы жетекші құжаттарын; кітапхана жұмысының негізін; библиографияны, негізі кітапханалық-технологиялық үрдістерді, оқырмандармен жеке және жалпы жұмыстың түрлерін, әдістерін; педагогика, психология, экономика негіздерін; еңбек туралы заңнамаларды, еңбек және техника қауіпсіздігі ережелерін, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін.
Біліктілікке қойылатын талаптар: біліктілігі техникалық кәсіптік немесе жоғары деңгейдегі маман: бейіні бойынша техникалық кәсіптік немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болуы тиіс, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Конкурс өткізу мерзімі: Хабарландыру жарияланған жеті жұмыс күні өткеннен кейін белгілейді.
Конкурс өткізілетін орын: Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы, Далабазар көшесі, 26 үй
Байланыс телефоны: 8(725-31) 26-941; 8(7024129393), 8(776-074-7779).
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі: Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Құжаттар мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс: Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы, Далабазар көшесі, 26 үй. Байланыс телефоны: 8(725-31) 26-941; 8(747-232-2806), 8(776-074-7779).
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне береді:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагог қызметкерлерін лауазымдарға тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
4) білімі туралы мемлекеттік үлгілі құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6)»Денсаулық сақтау саласындағы бухгалтерлік құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысандағы денсаулығы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту туралы сертификат (бар болса);
10) білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;
11) түйіндеме (резюме);
12) Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген).
- тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.