My CMS

Сабақ барысында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерім

Мен, Хасанова Фатима Абдуллажановна, Д. Қонаев атындағы аграрлық-технологиялық колледжінде арнайы пән оқытушысы болып қызмет атқарамын.

Еліміздің тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Өмір бойы білім алу – әр қазақстандықтың өмірлік кредосына айналуы қажет» деген ұлағатты сөзі бар. Осыны ескере отырып, біз, ұстаздар, үнемі ізденісте болып, қажырлы еңбек етіп, табандылық танытуымыз керек. Әр басқан қадамымыз әділ болуға тиіс. «Өркөкірек болғанмен – ұлылыққа жетпейсің, кіші пейіл болғанмен – кішірейіп кетпейсің» деген ата-анамыздың тәрбиесін бойымызға сіңіріп өстік. Бұл ұстаным менің педагогикалық қызметімнің де негізі болып табылады.

Ұстаздық – үлкен жауапкершілік

Ұстаз болу – аса зор жауапкершілікті талап ететін мамандық. Өсіп келе жатқан жас ұрпаққа заман талабына сай білім берумен қатар, оларды тәрбиелеу – мұғалімнің басты міндеті. Үштілділік – бүгінгі күннің басты талаптарының бірі, сондықтан бұл бағытқа ерекше көңіл бөлемін.

WorldSkills стандарттарына негізделген модульдерді меңгеру студенттерден жоғары шығармашылық қабілетті талап етеді. Мен «Киімді құрастыру» пәнінен сабақ бере отырып, өзім үшін үш негізгі әдісті басшылыққа аламын. Киімді конструкциялау – менің ең сүйікті бағытым. Бұл үдеріс графикалық, муляждық, пропорционалдық схемаларға сәйкес есептеу тәсілдерін қамтиды.

Математика – барлық ғылымдардың негізі. Атомдар – математика, сутек – математика, ғимараттар, ұшақтар, өндіріс орындары – барлығы да математикалық есептеулер арқылы жасалады. Сондықтан мен студенттерімнің бойында осы ғылымға деген қызығушылықтың артуын қалаймын. Әсіресе, чемпионат модульдері аясында білім алушыларға «Тігінші – тігінші емес, пішуші – тігінші» деген қағиданы ұстануды үйретемін.

Студенттерім тігін технологияларын жетік меңгерген. Дегенмен, пішу – негізгі дағды. Егер адам пішуді білсе, ол жеке тапсырыс бойынша киім тіге алады. Ұзын сөздің қысқасы, математика мен инновациялық әдістердің ұтымды жақтарын пайдаланып, теорияны практикамен ұштастыра отырып, студенттерге киім тігу технологиясын, конструкциялауды, модельдеуді, пішуді және тігісті үйретемін.

Қорытынды

«Жастар жырлайды» атты кітапта жарық көрген өз шығармамнан үзінді келтіргім келеді:

Отан – біздің құтымыз, баспанамыз,
Шабыт берер өмірде жасқа нағыз.
Елбасымыз, Кемелұлы арқасында,
Гүлденуде еліміз, Астанамыз.

Жастарға айтарым: оқыңыздар, үйренгендеріңізді өмірде қолданыңыздар, және математикаға ерекше көңіл бөліңіздер!

Прокрутить вверх