Айкозов Сейдулла Ибадуллаұлы
Тарих ғылымдарының кандидаты,
«Д.Қонаев атындағы аграрлық
Техникалық колледж» МКҚК
директоры.
Оқу саяхаты технологиясының басты мақсаты — өзін-өзі тану және өзін-өзі жетілдіру. Әлемді аша отырып, адам, ең алдымен, өзін ашуға, тұлғалық қалыптасуына, оның мәдени кеңістікте өзін-өзі анықтауына мүмкіндік береді.
Сапардың айқындаушы факторы тақырып емес, мәдени проблема болып табылады, ол зерттеуге ұсынылған барлық нысандарды «басқарады» және оларды белгілі бір бағытын айқындайды. Менің танымдық саяхатымның өзекті мәселесі жалғыз, яғни өзім басшылық жасайтын техникалық және кісіптік білім беру мекемесінің халықаралық стандарттарға негізделген даму тұжырымдамасын стейкхолтарларға таныстыру.
Сонымен, танымдық білім саяхаттын кезеңдермен талдасақ:
Бірінші кезең (идея) — мотивациялық және бағдарлы немесе кіріспе болып табылады. Сапарға дайындық оның тақырыбын (атауын) және идеясын (осы сапардың маңыздылығын негіздеу), зерттеуге арналған объектілерді таңдаудан және маршрут жасаудан басталады.
Оқу саяхатының тақырыбы «Леон (Франция) қаласында өтетін 47-ші «WorldSkills Lyon 2024» Халықаралық коммерциялық емес чемпионатына тәжірбие алмасу сапары».
Танымдық білім саяхатының мерзімі мен бағыты. 8 – 18 қыркүйек 2024 жыл. Шымкент – Стамбул (Түркия) — Франкфурт-на-Майне (Германия) – Лион (Франция) – Париж (Франция) — Стамбул (Түркия) – Шымкент.
Екінші кезең (іздеу) — экспедициялық (материалды жинау, талдау, өңдеу) немесе маршрут бойынша жұмыс. Маршруттық парақта танымдық іс-әрекетімнің бірізділігі нақты анықталады. Бағдардың сұрақтары мен міндеттері белгілі бір объектілерге шоғырлануға, оларды объектілерді мұқият зерттеуге, алынған ақпаратты талдау үрдісі қалыптасты.
Оқу саяхаты технологиясының ауқымды іссапарының кезекті бағыты 09. 09. 2024 жылы сағат 11:00 -де ГЕМПВХ директоры Томас Зинерман (Германия) қаласында көшпелі семинармен ұласты.
Семинар тақырыбы: Қазақстандық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына ГЕМПВХ қауымдастығының әлеуметтік серіктестігі болып табылатын, әлемдегі ең ірі авто құрастырушы “Mersebes Bens” заводындағы оқу өндірістік оқу орталығымен таныстыру және әріптестік орнату.
Семинар барысы: Тәулігіне 470 фура автокөлігін шығаратын заводта 11 мың жұмысшы мамандар мен қызметкерлерлердің жұмыс орны болып табылумен қатар Германдық колледждер қауымдастығының үйлестіруіндегі “Төртінші өндірістік төңкеріс” жаһандану үрдісіне толық сәйкес өндіріс орнында қайта даярлау орталығы еңбек нарығының дағдыларына бейімделген жұмысшы мамандарды даярлауда әлемдік үздік үлгісіне айналған.
ҚОРЫТЫНДЫ: Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледж» МКҚК студенттері мен өндіріс шеберлерін академиялық ұтқырлық (мобильность) әлемдік еңбек нарығына бейімделудің екінші кезеңі бастау алды. Германдық колледждер қауымдастығымен «Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледж» МКҚК арасында екі жақты әріптестік меморандум түзілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының 2024 жылды “Жұмысшы маман” деп жариялауы жұмысшы және орта буын кәсіп маман даярлайтын колледждерге әлемдік білімге енуіне жаңа серпін берді.
10 қыркүйекте оқу саяхатының 3 күні «Леон (Франция) қаласында 47-ші «WorldSkills Lyon 2024» ашылуы салтанатты шерумен бастау алып, Worldskills Президенті Max Roche барлық қатысушыларға сәттілік тілей отырып, сөз кезегін чемпионаттың құрметті қонағы Франция Президенті Э. Макронға берді.
Үшінші кезең (тұсаукесер) — рефлекторлық-бағалау немесе қорытынды жұмыс болып табылады.
Оқу саяхаты технологиясы — қоршаған ортаны жеке даму ортасына айналдыруға мүмкіндік беретін педагогикалық технология. Ағарту саяхаты ғарыштағы шынайы қозғалысты мәдени-тарихи кеңістіктерді дамытумен ұштастыра біледі. Білім беру іссапарларының технологиясын аумақты дамытудың бірегей стратегиясы ретінде қарастыруға болады. Оқу саяхаты технологиясы әрқашан жаңа әлеуметтік-мәдени кеңістікке саяхат болып табылады, ол адамзаттың әлеуметтік тәжірибесін дамыту сияқты әлем туралы нақты ақпарат алуға ғана бағдарланбайды.
Нәтиже: WorldSkills Lyon 2024 Халықаралық коммерциялық емес чемпионатына тәжірбие алмасу сапары барысында колледжді кәсіби бағдарлананудың трансформациялану бағыттары қалыптасуда.
1-бағыт. Халықаралық ынтымақтастықтар орнату.
Барысында 6 Халықаралық ынтымақтастық меморандумы түзілді.
- «Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледж» МКҚК — Германдық колледждер қауымдастығымен Берлин, Шенхаузер Аллеясы 36.
- «Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледж» МКҚК — Академия де Париж” Париж Білім министрлігі. Франция, Париж.
- «Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледж» МКҚК – «Moson Korea University». Оңтүстік Корея, Сеуіл.
- «Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледж» МКҚК – «№ 2 Вапкент политехникумы» Өзбекстан Республикасы, Бұхара облысы.
- «Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледж» МКҚК – «Бока агротехникалық техникумы» Өзбесктан Республикасы, Ташкент облысы.
- «Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледж» МКҚК – «№ 28 Қырғыз-Ресей кәсіптік лицейі» Қырғызстан Республикасы, Шу облысы.
2-бағыт. халықаралық салалық акридиттеру және мамандықты халықаралық сертификаттау
- «Париж білім академиясының» үйлестіруімен колледждегі 2 мамандық халықаралық акридиттеуден өтті.
- 07161600 – «Ауылшаруашылығын механикаландыру»;
- 07150500 – «Дәнекерлеу ісі».
3-бағыт. ғылыми зерттеу хабын құру
- «Мал ұрығын қолдан сұрыптау» ғылыми жоба. «Ауылшаруашылық ғылым академиясымен және Түркістан облысы «Атамекен» кәсіпкерлік палатасымен біріккен.
- «Ауыл шаруашылығы механикаландыру» құзыреттілігі бойынша ауыл шаруашылығындағы кәсіби шеберліктің “AgroSkills -2024” байқауында жүлделі III орын. Жамбыл облысы, Мерке. 2024.
- «Кәсіби шеберлік» республикалық конкурсында 2 орын. Ақмола облысы. Көкшетау қаласы. 2024.
- «WorldSkills Kazakhstan 2024» республикалық чемпионатта «шеберлігі үшін» медалионы. Астана. 2024.
4-бағыт. колледждің комерциаландыру моделі
- Автокөлік жүргізушілерді дайындайтын көлік мектебін ашу;
- «Мал ұрығын қолдан сұрыптау» шағын кәсіпорнын ашу;
- «Сүт өнімдерін өңдеу» шағын кәсіпорнын ашу.
Қорытынды. Осылайша, оқу саяхатының технологиясы әлемдегі техникалық және кәсіптік білім беру кәсіпорындары туралы ауқымды ақпарат алып қана қоймай, оны нақты педагогикалық практикада қолдануға мүмкіндік тер берді. Бүгінгі таңда «Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледж» МКҚК білім беру бағдарламаларының халықаралық білім беру стандарттарына сәйкестендіріуімен қатар, бәсекеге қабілетті білім ортасын құруға белсенді қатысуда. Халықаралық ынтымақтастық меморандумдары барысында білім беру ұйымдарымен оқу-өндірістік үрдістерді кешенді практикалық бағыттарын талқылауға, арнайы интерактивті кеңістік құруға қатысуда.