Колледждің «Кәсіптік білім берудегі педагогтердің шеберлігі мен жаңашылдығын арттыру» тақырыбындағы 20.01.2025-31.01.2025 ж.ж. күндері аралығында өтетін жоспарына сәйкес «Д.Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК оқу өндірістік шеберханасында «Техникалық пәндері» оқу әдістемелік бірлестігі ұйымдастыруымен колледжішілік «Үздік автомеханик — 2025» байқауы болып өтті.
Аталған байқауға, арнайы пән оқытушылары мен өндірістік шеберлері қатысып өздеріне берілген тапсырмаларды уақытылы орындап, білім деңгейін жан-жақты көрсетуге күш салды.
Байқаудың мақсаты:
• «Үздік автомеханик — 2025» байқауы – кәсіби автомеханиктердің біліктілігін арттыруға, тәжірибе алмасуға және автомобиль жөндеу саласында үздіктерді анықтауға бағытталған жыл сайынғы іс-шара. Бұл байқау мамандардың шеберлігін көрсетуге және автомобиль техникаларын жетілдіру идеяларын дамытуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, алдағы уақытта өткізілетін «WorldSkills Turkistan -2025» чемпионатына сарапшыларды іріктеу.
Байқаудың міндеттері:
• Автомеханиктердің кәсіби шеберлігін анықтау және марапаттау.
• Автомобиль жөндеу саласындағы заманауи технологиялар мен құралдарды қолдануды ынталандыру.
• Жастар мамандар автомеханик мамандығына деген қызығушылықты арттыру.
• Еңбек нарығында жоғары білікті мамандарды даярлау.
Қатысушылар 3 модуль бойынша байқауда бақ сынасты.
1 — модуль. Shevrolet Cobalt автокөлігінің қозғалтқышын бөлшектеу және жинақтау.
2 — модуль. Opel Vectra автокөлігінің беріліс қорабының ақауларын табу.
3 — модуль. Daewoo Neksia автокөлігіне Launch Х431pro автосканермен диагностика жасау.
Байқауда сарапшылар тобы төрелік жасап әділ бағаларын берді.
Байқауда келесі бағалау критерийлері бойынша бағаланды:
• Жұмыстың сапасы мен орындалу жылдамдығы.
• Құралдарды тиімді пайдалану.
• Қауіпсіздік техникасын сақтау.
• Шығармашылық көзқарас және заманауи технологияларды қолдану
Аталған байқауға, арнайы пән оқытушылары мен өндірістік шеберлері қатысып өздеріне берілген тапсырмаларды уақытылы орындап, білім деңгейін жан-жақты көрсетуге күш салды.
«Үздік автомеханик — 2025» байқауы – кәсіби автомеханиктер үшін өз шеберлігін көрсетуге, тәжірибе алмасуға және автомобиль жөндеу саласындағы озық тәжірибелерді насихаттауға тамаша мүмкіндік. Бұл шара жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып, жаңа буын автомеханиктерді даярлауға ықпал етеді.