My CMS

Колледж оқытушыларының инновациялық әдіс-тәсілдері

Мен,Сагимбекова Малика Махамадовна
Д. Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері, мамандығым – тігінші.

Ұстаз – тек тігін ісін үйретуші ғана емес, сонымен қатар сызу, математика, материалтану, сурет салу сияқты пәндерді де жетік меңгеруі қажет. Себебі жан-жақты білімді ұстаз ғана шәкірттеріне дұрыс бағыт-бағдар бере алады.

Сабақ барысында мен әрдайым жаңа оқыту әдістерін қолданамын. Қазіргі жастар сән әлеміндегі соңғы трендтерге қызығушылық танытып, ерекше стильдегі киімдерді кигенді ұнатады. Осыған байланысты мен студенттердің шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытуға басымдық беремін. Білім алушылардың дербес шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру – басты міндеттерімнің бірі. Сондықтан теория мен практиканы ұштастырып оқытуды жөн көремін. Кейде студенттерімнің де пікірін тыңдап, олардың идеяларын қолдаймын.

Оқыту әдістерім

1. Жобалық оқыту әдісі
Бұл әдіс студенттердің практикалық дағдыларын дамытып, алған теориялық білімдерін нақты жағдайда қолдануға мүмкіндік береді. Теориялық түсінік беру әдісі де маңызды рөл атқарады, өйткені студенттер алдымен тігін өндірісінің негіздері, материалдар, құрал-жабдықтар, өндірістік процестер туралы толық түсінік алуы қажет.
2. Шығармашылық шеберхана әдісі
Әрбір студенттің шығармашылық әлеуетін ашу үшін арнайы жобалар ұйымдастырамын. Мысалы, «Авторлық киім дизайнын жасау» тақырыбы бойынша студенттер өз идеяларын жүзеге асырып, ерекше жұмыс түрлерін көрсетеді.
3. Бейнемазмұн және демонстрация әдісі
Студенттер алдымен бейнероликтер арқылы технологиялық процестерді көріп, содан кейін өз қолдарымен жасап үйренеді. Бұл – тәжірибе арқылы білім алу әдісі, ол студенттердің тез әрі тиімді меңгеруіне көмектеседі.
4. Проблемалық оқыту әдісі
Бұл әдіс студенттердің кәсіби дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Сабақ барысында күрделі тапсырмалар мен кәсіби мәселелер қойылып, білім алушылар олардың шешімін табуға үйренеді.

Жетістіктерім

Менің ойымша, тігінші болу – тек матамен жұмыс жасау емес, адамның ішкі әлемін сыртқа шығаратын өнер. Әрбір тігінші өз жұмысына ерекше көзқараспен және құштарлықпен қарайды. Білім алушылар осы алған білімдері арқылы өздері киетін киімдерді тігіп, дипломдық жұмыстар әзірлеп, шығармашылық жобалар жасап, түрлі конкурстарға қатысады.

2019 жылы Қадиржанова Салима WorldSkills байқауына қатысып, сертификатпен марапатталдым.

2022 жылы Адахамова Дилафруз WorldSkills байқауында медаль жеңіп алды.

Мен осындай талантты шәкірттеріммен мақтанамын. Тігін мамандығы мен үшін тек жұмыс емес, өмірлік ұстанымға айналды. Алдағы уақытта да студенттерімнің кәсіби дамуына өз үлесімді қоса бермекпін.

Прокрутить вверх