My CMS

КОЛЛЕДЖ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ

Возможно, это изображение 7 человек, люди учатся и текст
КОЛЛЕДЖ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ тақырыбында колледж бірлестіктері жетекшілерінің ұйымдастыруында кезекті кезеңі өтті.
МАҚСАТ:Колледж педагогтарының дәрістерде инновациялық іс-әрекетті ұйымдастыру мен мазмұнының ерекшеліктері, студенттер мен оқытушылардың шығармашылық қабілеттерін барынша дамытуға, инновациялық құзыреттілікті кәсіби құзіреттіліктің құрамдас бөлігі ретінде қалыптастыруға ықпал етудегі әр педагог эссе жазу тәсілімен тәжірбелерін ортаға салды.
2025 жыл Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысымен жұмысшы жылы деп жариялануымен қатар техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерін реформалау жеке тұлғаның және еңбек нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыру, кәсіптік білім беру мазмұнын, оның ұйымдастырушылық нысандары мен технологияларын оңтайландыру, әлеуметтік әріптестік жүйесін дамыту бағытында кәсіптік білім беруді құрылымдық және мазмұндық жаңғыртуды жүзеге асыруды қамтуда.
Қазіргі еңбек нарығы колледж түлегінен дәстүрлі кәсіптік міндеттерін орындап қана қоймай, сонымен қатар студенттердің бойында жаңа құзіреттіліктерді дамытуды талап етеді. Яғни, ғаламдық өзгерістерге, белгісіз болашаққа дайын болу, стандартты емес жағдайларда өз бетінше барабар шешім қабылдау, білімін өзіндік бағалауда педагогтардың атқарар қызметінің маңыздылығы талқыланды.
ҚОРЫТЫНДЫ: Сонымен, “Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық коллелдж” МКҚК педагогтарының дәрістерінде қолданатын өзіндік инновациялық әдістері колледж түлектерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру факторы ретінде оның болашақ жұмысшы маман ретінде тиімді теориялық және практикалық дайындауға қабілеттілік деңгейін және қазіргі жағдайда кәсіби дамуға дайындық дәрежесін көрсетті.
Возможно, это изображение 10 человек, люди учатся и текст
Возможно, это изображение 10 человек, люди учатся и текст
Возможно, это изображение 8 человек, люди учатся и текст
Прокрутить вверх