Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары – білім алушылардың зияткерлік дамуымен одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігін қамтамасыз ететін сапалы кәсіптік білім беру мекемесі.
Жұмыс берушілер – еңбек құқығы субектілерінің бірі немесе қызметкерлер мен еңбек қатынасын орнатушы заңды немесе жеке тұлға.
Қазақстандық білім беруді жаңғырту тұжырымдамасында әлеуметтік серіктестік кеңістігін кеңейту, оның әр түрлі субьектілерінің өзара байланысын дамытумен айқындалған. Техникалық және кәсіптік білім берудегі әлеуметтік әріптестік — бұл білім беру мекемелерінің осы процеске қатысушылардың барлығының мүдделерін үйлестіруге және іске асыруға бағытталған еңбек нарығының объектілерімен өзара іс-қимылы, ынтымақтастықтың ерекше ортасы.
Әлеуметтік серіктестіктің негізгі мақсаты – еңбек нарығының өзгеруіне жылдам бейімделетін, бәсекеге қабілетті білікті мамандарды даярлау, қайта даярлау үрдісіне жәрдемдесу. Жұмыс берушілер мен жұмысшылардың қарым-қатынасы келесідегідей түсіндіріледі, яғни оқу орны кәсіби дайындықты неғұрлым жақсы өткізсе, әлеуметтік мәселелер, шиеленіс, жұмыс берушілермен қақтығыстар азаяды, сондай-ақ, кәсіпорынның пайдасы артады.
Әлеуметтік әріптестіктің ерекше миссиясы қоғамның, қызметкерлер мен жұмыс берушілердің мүдделеріне негізделген әлеуметтік-экономикалық және еңбек саясатын бірлесіп әзірлеуден, қабылдаудан және іске асырудан тұрады. Кәсіптік білім беруде, еңбек нарығына қажетті және сұранысқа ие мамандар даярлау – жұмыс берушілермен тығыз байланыста болған жағдайда ғана оң нәтижелі болады. Онымен қоса, кәсіптік білім беру жүйесіндегі әлеуметтік әріптестік жұмыс берушілер мен еңбек нарығы біздің түлектерімізге қоятын талаптарды іске асыруға бағытталуы тиіс.
Колледж әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимылының қорытындысы өңірлік еңбек нарығының қажеттілігін айқындау болып табылады.
Әлеуметтік әріптестер — кәсіптік білім беру сапасын бағалау жүйесін құру, студенттердің оқу және өндірістік практикасын, сондай-ақ өңірдің негізгі кәсіпорындар базасында оқу сабақтарын ұйымдастыру, арнайы пәндер оқытушылары, практика жетекшілері және мүшелері ретінде колледжде педагогикалық жұмысқа практик мамандарды тарту, оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің өндірістерде тағылымдамалар ұйымдастыру, үздіксіз көп деңгейлі білім беруді дамыту және сонымен қатар бітіруші түлектерді табысты жұмысқа орналастыру.
Әлеуметтік әріптестік жастарды еңбек өміріне интеграциялаудың, олардың еңбек нарығындағы тез өзгеретін жағдайларға бейімделу процесін жеңілдетудің тиімді құралына айналады.
Колледж қызметінің негізгі бағыттарының бірі серіктестікті іске асыру болып табылады.
Колледж бен әлеуметтік серіктестер арасындағы өзара іс қимыл технологиясы бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылады:
-Әлеуметтік әріптестермен меморандумдар жасасу;
-Академиялық дербестік;
-Дуальды оқыту жүйесі;
-Кәсіптік практиканы ұйымдастыру;
-Әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимыл немесе кәсіпкерлік ортаның сұранысына сай жаңа мамандықтар ашу;
-Әдiстемелiк, кадрлық, колледждің материалдық-техникалық әлеуетіне қамқоршылық жасау;
-Кәсіпорындар базасында арнайы пән және өндірістік оқыту шеберлерінің тағылымдамасын ұйымдастыру;
-Бітіруші түлектердің жұмысқа орналасуы.
Айкозов Сейдулла Ибадуллаұлы
“Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледж” МКҚК директоры, тарих ғылымдарының кандидаты.