Педагогикалық оқулар – колледж педагогтарымен оқу-өндірістік шеберлерінің педагогикалық шеберлігін арттыру, педагогтарды теориялық және практикалық проблемалары мен мәселелерді талқылауға тартуды жандандыру мақсатында ұйымдастырылып, өткізілуде.
Бүгінгі күні колледж педагогтарының алдында тұрған көптеген күрделі мәселелердің ішінде білім сапасының проблемалары және оны білімалушылардың білім сапасын арттыруда инновациялық оқу технологияларын тұрақты түрде дамытып отыру аса маңызды болып табылады.
Бүгінде әрбір төртінші оқушы оқуда қиындық көріп отыр. Сөйтіп, біздің колледждің білім алушыларын ішкі талдау, зерделеудегі әр педагогтың өзіндік әдістеріннің нәтижелері ортаға салынуда.
БАРЫСЫ: Педагогикалық оқулар апталығында осылайша, білім беру сапасын арттыру мақсатын алға қойған, мындай мәселелер талқылануда.
1, Сыныпта және оқу сағатынан тыс заманауи инновациялық әдістерді, сабақтарды ұйымдастыру мен өткізудің жаңа нысандарын қолдану;
2, Педагог қызметкерлердiң кәсiби бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi әдiстемелiк жетiлдiрудi жалғастыру;
3, Қазiргi заманғы педагогикалық технологияларды, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, сондай-ақ виртуалды кабинетті неғұрлым белсендi және кеңiнен пайдалану.


