My CMS

Белсенді оқыту әдістері мен тәсілдері

Мен, Абдуллаева Дилафруз Абдимиталовна, Д.Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледжінің орыс тілі және әдебиеті пәні оқытушысымын. Мен үшін сабақ барысында ең маңыздысы – студенттердің тілдік дағдыларын дамыту, олардың әдеби шығармаларды терең түсінуіне ықпал ету және сыни ойлау қабілеттерін жетілдіру. Бұл мақсатқа жету үшін мен сабақ барысында әртүрлі тиімді әдіс-тәсілдерді қолданамын.
Сабақтың алғашқы кезеңінде студенттердің назарын шоғырландырып, қызығушылығын арттыруға тырысамын. Ол үшін:»Миға шабуыл» әдісі арқылы тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып, олардың болжамдарын тыңдаймын.
Ассоциациялар әдісін қолдану арқылы студенттерге тақырыпқа сай сөздер немесе суреттер ұсынып, олардың пікірін сұраймын.Кейс-әдісі көмегімен өмірден алынған жағдайларды талқылап, жаңа тақырыпқа ой саламын.
Бұл тәсілдер студенттердің ойлау қабілетін дамытып, оларды сабаққа белсенді түрде қатысуға ынталандырады.Сабақтың негізгі бөлімінде теорияны меңгерту мен тәжірибелік тапсырмаларды орындауға басымдық беремін.
Интерактивті дәріс барысында материалды көрнекі түрде түсіндіру үшін кластер, Венн диаграммасы секілді көптеген әдістерді қолданамын. Бұл студенттердің ақпаратты жылдам әрі оңай қабылдауына көмектеседі.
Топтық жұмыс сабақтың маңызды бөлігі болып табылады. Осы әдіс арқылы студенттер шағын топтарға бөліп, мәтіннің әр бөлігін талдайды, кейін оны бір-біріне түсіндіреді. Кейін студенттер тақырыпқа байланысты өз ойларын қағазға түсіріп, топ ішінде талқылайды.
Рөлдік ойындар мен диалогтік оқыту студенттердің шығармашылық қабілетін дамытады. «Сократтық сұхбат», «Дебат»,»Пресс-конференция» әдістерін қолдану арқылы студенттерге әдеби кейіпкерлердің рөлін сомдатамын немесе олардың көзқарастарын қорғауды үйретемін. Бұл тәсіл студенттердің сөйлеу дағдыларын жетілдіреді.
Проблемалық оқыту және шығармашылық тапсырмалар арқылы студенттер өз ойларын еркін жеткізуді үйренеді. Оларға белгілі бір тақырып бойынша эссе жазу, креативті жоба дайындау, кейіпкер атынан хат жазу сияқты тапсырмалар беріледі.Сабақтың соңында материалды бекітіп, студенттердің алған білімін саралаймын.
«Бес саусақ» әдісі бойынша студенттер сабақтан алған бес негізгі тұжырымды атап өтеді.
«Қысқа тест» немесе «Кері байланыс хатшасы» әдістері студенттердің сабақтан алған әсерін жазбаша білдіруіне мүмкіндік береді.
Қорытындылайтын болсақ менің мақсатым – тек білім беру емес, студенттерге әдеби талғам қалыптастыру, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, өзіндік ойларын еркін әрі сауатты жеткізе білуге үйрету.Интерактивті әдістер, рөлдік ойындар, топтық жұмыс және проблемалық оқыту тәсілдері сабақтың қызықты әрі тиімді өтуіне ықпал етеді. Осы әдістерді сабақ барысында жүйелі қолдану арқылы мен студенттерімнің орыс тілі мен әдебиетіне деген қызығушылығын арттырып, олардың болашақта жан-жақты дамыған тұлға болуына өз үлесімді қосамын деген ойдамын.

Прокрутить вверх