Қонаев атындағы колледж

БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ КӘСІБИ КОМУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІККЕ БАУЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ КӘСІБИ КОМУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІККЕ БАУЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

FEATURES OF TRAINING FUTURE SPECIALISTS IN PROFESSIONAL COMMUNICATIVE COMPETENCE

Юлдашбеков Отабек Мураджанугли

Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжі

ӘОЖ 377(091)

UDC 377(091)

 Түйіндеме

Бұл мақалада колледж студенттерінің кәсіби – коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға байланысты мәселелер қарастырылады. Мақала мазмұнында болашақ маманның кәсіби қалыптасуындағы кәсіби-коммуникативтік құзыреттіліктің рөлі өзекті болады. Коммуникативтік құзыреттілікке арналған отандық және шетелдік ғалым-педагогтердің зерттеу нәтижелері талданады. Колледж студенттерінің кәсіби маңызды сапасы ретінде коммуникативтік құзыреттілік ұғымы нақтыланды, коммуникативтік құзыреттіліктің құрылымы, мазмұнды ашылған компоненттері анықталды

Кілтті сөздер: колледж, студенттер, құзыреттілік , кәсіби комуникативтік,комуникативтік құзыреттілік

 

Резюме

В данной статье рассматривается вопросы, связанные с формированием профессионально- коммуникативной компетентности студентов колледжа. В содержании стати актуализируется роль профессионально-коммуникативной компетентности в профессиональном становлений будущего специалиста. Анализируется результаты исследования отечественных и зарубежных ученых-педагогов, посвященные коммуникативной компетентности. Конкретизировано понятие коммуникативной компетентности как профессионально значимого качество студентов колледжа, определено структура, содержательно раскрытый компоненты коммуникативной компетентности.

Ключевые слова: колледж, студенты, компетентность, профессиональная коммуникативная, коммуникативная компетенция

 

Abstract:

This article discusses issues related to the formation of professional and communicative competence of College students . In the content of the article the role of professional and communicative competence in the professional formation of the future specialist is actualized. The results of research of domestic and foreign scientists-teachers devoted to communicative competence are analyzed. The concept of communicative competence as professionally significant quality of College students is concretized, the structure, the content revealed components of communicative competence are defined.

Keywords: college, students, competence, professional communication, communication competence

 

Қоғамдық дамудың қазіргі үрдісі өзінің іс-әрекетін тиімді жоспарлай алатын, танымдық қызметінде алынған білімді орынды пайдалана білетін, түпкі нәтижеге жету үшін әр-түрлі топтардағы адамдармен тиімді қарым-қатынас диалогіне түсе алатын білімді тұлғаны тәрбиелеу мәселесін қойып отыр.

Әлем тәжірибесі көрсеткендей, кез-келген мемлекеттің экономикалық жетістігі сол елдің білім жүйесі мен азаматтарының білімдәрежесіне байланысты. Өйткені білім арқылы ғана қоғамның интеллектуалдық капиталы мен инновациялық әлеуеті қалыптасады.

Сондықтан да білім беру жүйесіндегі жаңа білім парадигмасы білім, іскерлік, дағды жиынтығын толық меңгерген, қоғам өміріне белсене араласатын, шығармашылықпен ойлайтын, өзін-өзі көрсете алатын, өздігінен ақпаратты іздеп, талдайтын және оны дамытуға қабілетті, кәсіби құзыретті жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Бүгінгі таңдағы өндірістің негізгі қозғаушы күші жан-жақты үйлесімді дамыған, бәсекеге қабілетті, білікті жұмысшы кадрларын дайындау маңызды мәселеге айналуда.

Осы орайда колледжде білім алушының болашақ кәсіби маман ретінде қалыптасуын зерттеуге деген қызығушылық үздіксіз арта түсуде, бұл мәселе студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру барысында жүзеге асады. Колледж студентінің өз мүмкіндігін шамалау мен нақты кәсіби жарамдылығының арасындағы қайшылық және кәсіби құзыреттілікті меңгеру үдерісі мен нәтижесінің практикада қолданылуының тұрақсыздығынан туындайтын қайшылықтарды да кездестіреміз.

Сондықтан да колледждегі білім беру мен тәрбие жұмыстарының талапқа сай жетілдірілуі студенттердің кәсіби құзыреттілігінің қалыптасуына зор ықпал етеді. Оқытудың дәстүрлі жүйесінде мамандар даярлайтын оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал колледж алдында тұрған мақсат әлемдік білім кеңестігіне ене отырып бәсекеге қабілетті тұлға дайындауда адамның құзырлылық қабілетіне бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну болып есептелінеді.

Студенттердің кәсіби құзыреттілік мәселелері туралы пікірлер кәсіби маман даярлау мәселелерімен айналысып жүрген отандық және шетелдік ғалымдар, педагогтар,психологтар еңбектерінде көрініс табуда.

Қазақстанда кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық және практикалық қырларын .Х.Құрманалина (колледж жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлау), Б.Т.Кенжебеков (жоғары оқу орны жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігі), Г.Ж.Меңлібекова (болашақ мұғалімнің әлеуметтік құзыреттілігі), Б.Қасқатаева (болашақ математика мұғалімінің әдістемелікқұзырлылығы), С.И.Ферхо (мұғалімдердің оқу үдерісінде электронды оқу құралдарын пайдалана білу құзыреттілігі) және т.б. ғалымдар зерттеген.

Құзіреттілік — жеке тұлғаның теориялық білімі мен практикалық тәжірибесін белгілі бір міндеттерді орындауға даярлығы мен қабілеті. Ол жансыз жаттанды білім түрінде емес жеке тұлғаның танымға, ойлауға қатысын және әрекетке, белгілі мәселелерді ұсынып, шешім жасауға, оның барысы мен нәтижелерін талдауға, ұдайы түрде ұтымды түзетулер енгізіп отыруға деген икемділігінің белсенділігінен көрінеді. Құзіреттілік бірінші орынға білімгердің ақпаратты сауаттылығын емес, оның мәселені дұрыс шеше білу қасиетін қояды.

Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру жеке шығармашылық қабілетті дамытуды,педагогикалық инновацияларды дұрыс қабылдауы, күнделікті өзгеріп жататын педагогикалық ортаға тез бейімделуді қажет етеді.

Ғалымдардың пікірлерін басшылыққа ала отырып, біз «құзыреттілік» ұғымына – студенттердің жеке тұлғалық психологиялық ерекшеліктеріне байланысты меңгерген білімдерін, дағдылары мен біліктерін, танымдық және тәжірибелік іскерлігін өмірде дұрыс қолдануы деген түсінік бере аламыз.Сонымен педагог-психолог, ғалымдардың пікірі бойынша еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, кәсіби оңтайлы маманнның бойында белгілі бір құзіреттіліктер қалыптасуы қажет.

Біріншіден, бағдарлы құзіреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу, елжандылық, т.б);

Екіншіден, мәдениеттанымдылық құзіреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу,өз халқының мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті);

Үшіншіден;оқу-танымдық құзіреттілік(өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау,қорытынды жасай білу);

Төртіншіден; коммуникативтік құзіреттілік (адамдармен өзара қарым-қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуы);

Бесіншіден, ақпараттық-технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технологиялармен,техникалық обьектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті);

Алтыншыдан, әлеуметтік- еңбек құзіреттілігі (әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті);

Жетіншіден, тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілігі (отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті).

Қазіргі таңда аталған құзіреттіліктер ішінде оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселелері жете қарастыруды қажет етеді. Заманымыздың талабына сай мектептерде білім беру жүйесіндегі коммуникативтік құзыреттілік жөнінде көптеген мәселелер қаралып, олар философиялық, педагогикалық, психологиялық тұрғыдан зерттелініп жатыр.

«Коммуникативтік құзыреттілік» (латынның «соmpetere» -қол жеткізу, сәйкес келу, сөзінен шыққан) – қажетті тілдерді, қоршаған адамдармен және оқиғалармен әрекеттестікте болу тәсілдерін білуді, топта жұмыс жасау дағдыларын, ұжымдағы әр түрлі әлеуметтік рөлдерді меңгеруді қамтиды. Оқушы хат жаза, анкета толтыра, арыз жаза, сұрақ қоя, пікір таластыра т.б. білуі тиіс. Коммуникативтік құзыреттілік – екінші тілді үйренуші оқушыларға тілдің заңдылықтарын жаттанды үйретпей, сол тілді тілдік және қатысымдық тәсілдерді орынды қолданумен байланыстыру. Коммуникативтік құзыреттілік жеке тұлғаның рухани өсуін қалыптастырады, адамдарды түсіне білуіне көмектеседі. Коммуникативтік құзыреттілік ұжым мүшелері мен білім алушылар арасында позитивті қатынас орнатады. Мұғалімнің өзара түсінушілік, тыңдай білу, түсіне білу, көмек көрсету қабілетін айқындайды. Сәттілік ситуациясын туғыза білген жағдайда оқушылардың өз мүмкіндігіне деген зор сенімі туады. Коммуникативтік құзырет – бірлесіп жұмыс істеуді бағалау, адамдар арасындағы сенімділік, бірін-бірі түсіну, тыңдау, сыйлау, этикет сақтау, дәстүрді білу, дау жанжалды шеше алу, бұзылған қатынастарды түзету, өз қателігін түсіне білу, топпен жұмыс жасай алу,орындаушылардың жұмысын дұрыс ұйымдастыру, басқару шешімдерін таба алу және қолдана білу қабілеттері

Жалпы білімгерлердің коммуникативті құзыреттілігін қалыптастыру – көп аспектілі және өте күрделі проблема екендігі мәлім. Педагогика ғылымында «кәсіби құзыреттілік» түсінігі бірнеше ұғым береді:

-еңбектің нәтижесін анықтайтын білім мен дағдының жиынтығы;

– жеке қасиеттерімен қабілеттерінің комбинациясы;

– білімі мен кәсіби ерекшелік жеке қасиеттерінің кешені;

– қызметке теориялық және тәжірибелік дайындығының бірлігі;

– іс әрекеттерін мәдени түрде көрсете білу мүмкіншілігі және т.б.

Білімгердің коммуникативтік құзыреттілігі – кәсіби интегративтік қасиет оның негізгі бөліктеріне эмоционалдық тұрақтылық (икемділікпен байланысты); экстраверсия – (тағайындалған деңгейі мен тиімді жетекшілікті көрсетеді); тікелей және қайтарымды байланысты ұштастыру мүмкіншілігі; тілдік білімі; тыңдай білу қабілеті; марапаттай білуі; сыпайлылық; жалпы қабілеті жатады.

Қорыта айтқанда коммуникативтік құзыреттілік негізгі құндылық ретінде жеке адамның тұлғасына бейімделе білу, «бағдар ету», сонымен қатар оқу үрдісінде қарым – қатынас кезінде туындайтын міндеттерге шығармашылық, қапысыз шешім таба білу қабілеті деп түсінеміз.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Адольф В.А. Профессиональная компетентность современного учителя: Монография. Красноярск. 1998. 118 с.
  2. Кузьмина Е.М. Формирование коммуникативной компетентности студентов вуза: автореф. дис. …канд. пед. наук. – Нижний Новгород, 2006. – 24 с.
  3. Маркова А.К. Психологический анализ профессиональной компетентности учителя//Советская педагогика. 1990. № 8. С. 82-88.
  4. Зеер Э.Ф. Компетентностный подход к образованию. Уральское отделение Российской Академии Образования 2004 // academia@urorao.ru.
  5. Сластенин В.А. Формирование творческой личности учителя // Сов. педагогика. 1975. № 1. С. 8
  6. Сорокина Т.М. Развитие профессиональной компетенции будущего учителя средствами интегрированного учебного содержания // Начальная школа. – 2004. – №2. – С. 110-114.
  7. Зеер Э.Ф. Компетентностный подход к образованию. Уральское отделение Российской Академии Образования 2004 // academia@urorao.ru.__
  8. Кузьмина Н.В. Профессионализм личности преподавателя и мастера производственного обучения.-М.:

Высш. Шк..,-119 с.

Scroll to Top